Нағыз еркек
Нағыз еркек қандай еді?
Қара басы – хандай еді!
Көзі шоқты, жүрегі отты,
Белі кетпес нардай еді.
Бүгінгі еркек қандай болды?
Жетекке ерген тайдай болды.
Айтса көнген... айдаса өрген,
Отардағы малдай болды.
Ойлап тауып лезде айла,
Жағынады бір ез байға,
Тізе бүгіп, бас имеген,
Қазаққа тән мінез қайда?
Бүгінгі-би ертең – аруақ,
Демі бітіп, күні озбай ма...
Салтты былғап бар күйемен,
Құнын ұқпай парқыменен,
Көк бөрі етіп баулитұғын,
Бабалардың салтыменен,
Қазақы ұлттық тәрбие атты,
Айырылдық бар киеден...
Ішкені арақ,
әйел талақ,
Жаман үлгі көрсеттік те...
Бала жетім,
әйел жесір,
біз осыған селт еттік пе?
Болмай қорған,
Үйінде ойран,
Айтшы, осы да еркектік пе?
Шашын бояп, далап жаққан,
арақ ішіп, арам қатқан.
Не күтеміз азаматтан...
Не күтеміз тойымсыздан,
Ел ырысын талап жатқан,
Не күтеміз арамзадан,
Тілі менен дінін сатып,
өз ұлтына жала жапқан.
Ей, бауырым, Азаматым!
Шықпасыншы жаман атың.
Салтты сақтап,
Сөзге тоқтап,
Ақта баба аманатын.
Елге қорған
Қызыр қонған
Азамат бол,
Мың жылда бір жаралатын!
Әділбек ҚАБА
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
Пікірлер (0)