ӨМІР ДЕГЕНІҢ ҚАРАҒЫМ, БЕСІК ПЕН КӨРДІҢ ӨТКЕЛІ... » Қабаев Әділбек Күнесханұлы
Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » ӨМІР ДЕГЕНІҢ ҚАРАҒЫМ, БЕСІК ПЕН КӨРДІҢ ӨТКЕЛІ...

ӨМІР ДЕГЕНІҢ ҚАРАҒЫМ, БЕСІК ПЕН КӨРДІҢ ӨТКЕЛІ...

17 Қыркүйек 2020, Бейсенбі
430
0
Өтпелі-ау, дүние өтпелі,
Кімдерге келіп кетпеді.
Білінбейді пендеге,
Басынан пәни өткені.
Тағдырға біреу өкпелі,
«Не жаздым, Тәңір?» деп тегі,
Талайдың кетіп кектері,
Құдайға дауысы жетпеді.
Көтермес өмір өкпені,
Кәрілік келіп жеткені,
Келмеске кетер артынан,
Бабаларының көктегі.
Кімдерден дәурен өтпеді.
Айды алмақ болған көктегі,
Өлмесе қайда кеткені,
Бағзы заман бектері.
Патшалардың өктемі
Өлмейтұғындай боп тегі,
Хандардың ханы Шыңғысхан
Бар билікті көкседі.
«Күн біреу-ақ көктегі,
Екі Күн көкте боп па еді?
Бір аспанның астында,
Екі патша жоқ»,- деді.
Өтпелі-ау, дүние өтпелі,
Ғұмыры оған жетпеді.
Баршаға аян бір күні,
Одан да дәурен өткені.
Біреудің келмей көктемі,
Біреулер қайта көктеді.
Басыңнан өтер қарағым,
Аумалы заман төкпелі.
Бабалар неткен текті еді,
Ел мүддесін көкседі. 
Отауының оты өшсе де,
Отанының аты өшпеді.
Түбіміз Түркі -Көкбөрі,
Тағылым, тарих - өткені.
Өлмейтін мәңгі жан болса-
Еліне қызмет еткені.
Өмірде мынау өтпелі,
Мәңгілік нәрсе жоқ тегі.
Өмір дегенің қарағым,
Бесік пен көрдің өткелі.
Әділбек ҚАБА


Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

ҚАЙРАН МЕНІҢ ҚАРТТАРЫМ...
25 Тамыз 2020, Сейсенбі
ҚАЙРАН МЕНІҢ ҚАРТТАРЫМ...
"ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ" ІСКЕ КӨШЕДІ!
28 Қыркүйек 2020, Дүйсенбі
"ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ" ІСКЕ КӨШЕДІ!
Жүректің сырын ақтардым бүгін…
22 Қыркүйек 2020, Сейсенбі
Жүректің сырын ақтардым бүгін…
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры