Сұрау белгі
Әжім торлап бетіңді,
Сұлулықты өшірді...
Бүгіліпті белің де,
Сұрақ белгі секілді.
Белің неден бүгілді?
Ұлыңменен қызыңды,
Жеткізем деп иілді-ау,
Осы әлетке бүгінгі.
Өмір қысқа тым қандай,
Көзді ашып, жұмғандай...
Бүкіш белде тағдырың,
Жасырынып тұрғандай.
Анаң Күнің көктегі,
«Балапаным!» деп сені,
Қандай ыстық өпкені,
Мейірімін төккені...
Әділ
бек Қаба