Басы жоқ батыр…
далаңды кезіп жүр әлі…
Жүрегінде оның дұшпанның салған лаңы,
Кешқұрым сәтте көтеріп көкке найзасын,
Салт атты батыр… қыр басында тұрады.
Жеткізе алмай қасірет, қайғы, арманын,
Қапа күн кештің-ау, қаһарман ерім, ардағым.
Аспан мен жердің ортасында қалып рухың,
Жаның жай таппай, қиналды ма екен аруағың.
Алашың үшін аттан түспеген сардарым,
Бұл қазақ тағы бас көтермесін деген жауларың,
Ұмытқан жоқпыз сүйекке таңба салғанын,
Басыңды кесіп, …экспонат етіп қойғанын.
Ана дүниенің бұйырмай оған жұмағы,
Кешқұрым сәт… бүгін де қырда тұр әні.
Екі дүниеде де белгілі болмай тұрағы,
Басы жоқ батыр…
далаңды кезіп жүр әлі…
Топырақпын – Адаммын…Бар тіршілік әмәннан,
Топырақтан нәр алған.
Тіпті… бекзат Адам да,
Топырақтан жаралған.
Керегі де, қорегі,
Топырақтан өнеді.
Түптің түбі бәрі де,
Жер қойнына енеді.
Туады да… өледі,
Топыраққа көмеді.
Адам адам болғалы,
Осылай боп келеді.
Кеудесін біреу кереді,
байлығына сенеді.
Дүние жалған басынан,
Көшпейтіндей көреді.
Білмейді-ау жалған өтерін,
Машхар күні жетерін.
Бекзат тәні топырақпен,
Араласып кетерін.
Топырақ тисе қағасың,
Кір жұққандай боласың.
Алайда, мәңгі мекенді,
Топырақтан табасың.
Топырақпын – Адаммын,
Топырақтан жаралдым.
Топыраққа барармын,
Топырақ болып қалармын…
Сұрау белгіӘжім торлап бетіңді,
Сұлулықты өшірді…
Бүгіліпті белің де,
Сұрақ белгі секілді.
Белің неден бүгілді?
Ұлың менен қызыңды,
Жеткізем деп иілді-ау,
Осы әлетке бүгінгі.
Өмір қысқа тым қандай,
Көзді ашып, жұмғандай…
Бүкіш белде тағдырың,
Жасырынып тұрғандай.
Анаң Күнің көктегі,
«Балапаным!» деп сені.
Қандай ыстық өпкені,
Мейірімін төккені…
ШашБіреу шашын баспайды,
Басса, «басы қақсайды».
Кісі баспайтын
Жерге апарып тастайды.
Біреу шашын шашпайды,
басқамен қоспайды.
Қосса,
«Бағы ауып кетеді» дегенді қостайды.
Біреудің шашы отқа тамызық,
Екіншісі суға ағызып,
Енді бірі көмеді,
Әрқилы ырымға сенеді.
Менің де өзімше ойым бар,
Шашым – менің бір бөлшегім,
Өлгенде…
басыма жастап қойыңдар.
Аруақтан қорықпаОлар да тірі еді,
Бал-бұл жанған реңі.
Тоқтады жүрегі,
Кетті…
Кім мәңгі жүреді.
Өлді.
Көмді.
Ештеңе де Оған,
керек емес енді.
Жанын қинады,
Көзі қимады,
Дүние жинады.
Жиғаны
Көрге сыймады.
Өзімен кеткені,
Тек иманы.
Сен де өтесің,
кетесің.
Сұрақ күні
өкінбес пе екесің…
КүншілКісіні сыртынан сөгіп,
заһарын төгіп,
кінәлайды.
«Сол іс қолымнан келе ме,
Жұрт маған сене ме?» деп
Өзінен сұрамайды.
Шамасын білмейді,
Өзгені күндейді,
Тілімен түйрейді,
Өзінен басқаны
суханы сүймейді.
Оңбайды бір ісі,
Күлісі,
Жүрісі,
өмір сүрісі,
Аумайтын
Ібілістің інісі.
Сонда…
бұл кім дерсің,
Мүмкін көршің…
Ішіңе үңіл…
Өзіңді танысаң
Онда бұл – сенсің!
Ғашық болдым сыртыңнанСенің мөлдір көздеріңе мұң тұнған,
Үңілдім де…
Ғашық болдым сыртыңнан.
Ботам нәзік жүрегіңнен айналдым,
Жақсылыққа ұмтылған.
Сенің нұрлы келбетіңді мейірлі,
Көргеннен-ақ…
жүректен мұң сейілді.
Ботам нәзік жүрегіңнен айналдым,
Байлап алған зейінді.
Сені күнде бір көрмесем сыртыңнан,
Ғаріп құстай қос қанаты қырқылған,
Шарқ ұрамын…
сыйғыза алмай кеудеме,
Жүрегімді бұлқынған.
Сүйеді адам бақыт құсы қонарда,
Ілінеді нәзік үміт жанарға,
Нар тәуекел,
сүю деген бір бақыт,
Мен сендікпін…
Дейтін күнің болар ма?
Таң қалдымӨз-өзіме таң қалдым,
Сүйетінімді аңғардым.
сол аруға қай кезде,
ғашық болып қалғанмын.
Қанатында арманның,
Қалықтармын, самғармын.
Етегінен арманның
Қай кезде ұстап алғанмын.
Үміт жібін жалғармын,
Мені сүйген жандардың,
Арасынан аяулым,
Сені ғана таңдармын.
Алдыңа сенің сан бардым,
Тірлігін қылып аңғалдың.
Өтуін бірге қалаймын,
Көшетұғын жалғанның.
Сағынарсың…Сағынарсың, жыларсың,
Жолға қарап тұрарсың,
Күте-күте бір күні,
жалығатын шығарсың.
Сағынарсың, жыларсың,
Күтумен ішетен тынарсың,
Қадірімді ұғарсың,
«Оралшы» деп сұрарсың.
Сағынарсың жыларсың,
Сынғанды қалай құрарсың.
Біреуге мүмкін ұнарсың,
Құшағына құларсың.
Сағынармын, жылармын,
Жанарыма тұнар мұң,
Жайымды менің сұрар кім?
Сені ешқашан аяулым,
Ұмытпайтын шығармын…
Бейтаныс қызТүнде де, күндіз де мен,
Тынбастан күнде іздеген.
Кездестім ойда-жоқта,
Бейтаныс бір қызбенен.
Қарады назданып бір,
Сыпайы қозғалып құр.
Қынама қыпша белі,
Үзілмей аз қалып тұр.
Қара қас, сұлу ерін,
Мойылдай екі көзің.
Періште емессің бе,
Жаным-ау сенің өзің?
Бір сезім лаулаған күн,
Жүректі жаулаған кім?
Жанарым түскен сәттен,
Жанымды баурап алдың.
Ғашық боп қалғандаймын,
Жүрекке салғандай мұң.
Жүретін қол ұстасып,
Күндерді армандаймын…
Сені ойлап жатып,
Сені ойлап тұратын болдым…
Сені ойлап жатып,
Мұңдарға батып,
Ұйқыға кетем,
Көңілім жасып.
Сені ойлап жатып,
Өтеді уақыт.
Көңілге ғашық,
Бұл да бір бақыт.
Атырам таңды,
Ойлап сол жанды.
Сүйіп өтермін,
Сыртыңнан мәңгі.
Жүректің сырын,
Ақтардым бүгін.
Сүйемін сені,
Кеш, мені күнім…
Муза ғанасыңМахаббат – сағынып көрісу ғана ма,
От болып жанып… жерісу ғана ма?
Биік сезімнің құдірет шегі,
Жар төсегін бөлісу ғана ма?
Ғашықсыз өмір құр өткені де,
Ақындар оны жыр етпеді ме?
Тақырып болған Да Винчилердің,
«Мадонна» тәрізді суреттеріне де.
Сөз туар сөзден қузалағасын,
Өрнекті өлең – із ғана қалсын.
Пендешіліктен аулақпын, қалқам,
Сен маған Ай-Күн – Муза ғанасың.