ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ АРҚАЛАП ҰЛЫ САЙЫСҚА... » Қабаев Әділбек Күнесханұлы
Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ АРҚАЛАП ҰЛЫ САЙЫСҚА...

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ АРҚАЛАП ҰЛЫ САЙЫСҚА...

07 Қазан 2020, Сәрсенбі
174
0

Ұлт үшін не істедің? Ұлың үшін тау қопаруға барсың. Білеміз. Бірақ сол ұрпағың ұлттың бір бөлшегі ғана. Өмір өтеді. Қызмет те уақытша. Сол өмірдің мәні үміт күткен жұртыңа не бере алғаныңда. 
Тіл - қазақтың жаны. Жері - өмірінен де қымбат. Халқы - қазынасы. Салт дәстүрі - ұлт екенінің белгісі. Ұлт мүддесі деген де осы. Сол ұлттық мүдде үшін күресу керек. 
Елге аты белгілі заңгер Абзал Құспанов Досай Кенжетай бауырымның мына бір сөзі құлаққа қонды депті.
“Праймеризге бара жатқандарды қолдау керек.  Олар саяси санаға қызмет етіп жатыр. Ол ең керек нәрсе! Ол да қызмет. Ал енді праймеризден келе жатқанда онда үлкен өзгеріс болады. Ол өседі. Себебі процесті, қоғамды, жүйені таниды. Сосын сенің қолдағаныңды біледі. Артында халық барын сезеді. Халыққа сенбеген, сүйенбеген саясатшы, басқаның сойылын соғады. Солай қалыптасып, көке, крыша, таныс іздеуге әдеттенеді. Кәдімгі бүгінгі билік психологиясын жұқтырады. Ал бізге елге керегі сол психологиялық кеселден айығу. Жалпы кез келген құбылысты өз пайдасына шеше алатын ұлт қана сақталады. Ондай мәдениет дамиды. Ұлтты, мәдениетті, саясатты тану үшін де процеске белсенді аралас. Праймеризге пәк көңілмен ұранмен барып, кедергілерден өте алмай қалсаң да, олжа  себебі сен таныдың, келесі жолы не, қалай істеу керектігі жөнінде сенде білім, таным, сезім қалыптасады....Неге шабам деген балаға ат бермеске!!”
Осылай депті
Ертең сайлау келе жатыр. Үміткерден көз тұнады. Бұл жақсы. Жаман жағы да бар. Олардың қаншасы ұлттық мүддені көтере алады. Популизм үшін емес. Шын жүрегімен. Жеке басының қамынан ұлттық мүддені жоғары қоя алатыны бар ма?. Тілі үшін. Мемлекеттік Тіл туралы заңның қабылдануы үшін басын бәске тігетін, мәселені тереңінен білетін кім бар?
Өздеріңізге арқа сүйей отырып, Нұр - Отанның іріктеу сайысына ат қостым. Мақсатым - Халықтың сондағы көретін көзі, айтатын сөзі болу.
Ұстанымым: Өз тілінде сөйлейтін, жері ешкімге сатылмайтын, салт дәстүрін сақтаған, ауылы өркендеген, экономикасы дамыған өркениетті Қазақ Елі! 
Тіл мәселесінде:
Бірінші,  Мемлекет басшысы айтқандай, мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру. 
Ол үшін:
1. Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау үшін ғалымдармен бірлесіп Тұжырымдамасын жасап, ұсындық;
2. Республикалық «ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ» онлайн тобын ұйымдастырдық. Мақсат - қазақ тілін қолдану аясын кеңейту үшін әр азаматтың тілге сүйіспеншілігін арттыру, Мемлекет басшысының қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру және еститін мемлекет идесын жүзеге асыру;
3. Қазақ тілінің ғылыми әлеуетін күшейту мақсатында латын әліпбиін жетілдіруге жетекшілік еттім. Әліпби жобасы қорытынды кезеңге жетті.
4. Қазақ тілін осы заманғы цифрлық технологияны пайдалана отырып үйретуге арналған 10-нан астам электронды тіл үйрету платформаларын батыл енгізуді көздеймін. Тіл мәселесінде сөзді азайтып, іске көшудің жобасын жасаудамын.
5. Тілдің әлеуетін күшейту үшін қажеттілік туғызу мақсатында, "Тіл қорғандарымен" бірлесе отырып, тіл үйретуді балабақшадан бастайтын жаңа Бағдарлама жасап ұсынамыз.
6. Сөз жүзінде емес, іс жүзінде барлық іс қағаздары және жиындар қазақ тілінде жүргізіліп, Заңдар қазақ тілінде жазылуын Парламент мінберінен талап етемін.
Тіл комитетінің төрағасы ретінде бұл мәселені жан жақты білемін, ой, идеяларын жүзеге асыруға қабілетім жетеді. Парламентте, Бас прокуратурада қызмет еткендіктен Заң шығару және заңдылықты талап етуде тәжірибем де жеткілікті.
Жер мәселесі:
1. Жердің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы Президент өз Жолдауында анық айтты. Мен, жеріміздің шетел азаматтарына сатылмауын, ұзақ мерзімге жалға берілмеуін заңмен негіздеуге күш саламын.
Ұстанымым: Жер мәселесінде солқылдақтық болмауы керек.
Ауыл халқының мәселелері: 
- Ауыл экономикасы мен әлеуметтің жағдайын комплексті дамытатын Бағдарлама жасауға күш саламын. 
Онда:
- Ауылдың инфра құрылымы мен мәдени, әлеуметтік жағдайын қаламен теңестіру.
- Ауыл халқын жаңа заманға лайықты техникамен, технологиямен қамти  отырып, онда ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін зауыттар санын арттыру; 
- Ауылда ауруханалар мен емханалар санын арттыру, әр саланың дәрігерлерімен, жедел жәрдем көліктерімен қамтамасыз ету. 
- ауыл шаруашылығы өнімдерін әлемдік рынокқа шығарудың жаңа Бағдарламасын жасауға күш салу.
Әлеуметтік даму және демография мәселелері:
1. Көп балалы аналарды мемлекет есебінен тегін тұрғын үймен қамтамасыз ету;
2. Ауылда көп балалыларға үй салып беру; 
3. Көп балалы аналардың жәрдемақысын әр балаға 80-100- мың теңгеге жеткізу;
4. Көп балалы отбасы балалары 18-ге толғанда ауылда үй салатын тегін жер телімдерін беру, 
5. Көп балалылардың тегін бала бақшамен қамтылуы; 
6. Көп балалы отбасының шағын және орта бизнесінен салық алынбауы мәселесін көтеремін.
Бұл демографиялық ахуалдың күрт өсуіне жағдай туғызады.
7. Ұлттық руханият салт -дәстүр мәселесі
Ұлттың рухани дамуына, тілін, салт дәстүрін, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан өнері мен ұлттық болмысын сақтап қалу үшін құжаттар қабылдануына күш саламын. Ол үшін:
-Арнайы Бағдарлама концепциясын әзірледім, жалпыұлттық «Ел рухы» доктринасына «Мемлекеттік тіл» және «Салт- дәстүр» бағыты бойынша  өзімнің екі Жобамды ұсындым.
Мақсатым - Нұр Отан партиясы ұйымдастырып отырған іріктеу додасына қатыса отырып, Қазақ Елінің жаңаша дамуына үлес қосу, Ұлт мүддесіне қызмет ету.
ӨМІР ДЕРЕК
 Мен Әділбек Қаба, Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Тіл саясаты комитетінің Төрағасымын.
Желтоқсан көтерілісінің күрескерімін.
 Қазақстан Журналистер академиясының академигі, Әлем халықтары Жазушылары Одағының мүшесі - Нұр-Сұлтан қаласындағы Төрағасымын.
ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының бөлім бастығы, Сенат Төрағасының баспасөз хатшысы, ҚР Бас Прокуратурасының Басқарма басшысы қызметін атқардым.
 «Жас Алаш», «Айқын» газеттерінде Бас редактордың орынбасары, «Тіл және Қоғам» журналының Бас редакторы қызметін атқарғанмын. Қашанда ұлт мүддесін биік ұстап,  қарапайым халықтың  мәселелерін батыл көтеріп келемін.
ӘДІЛБЕК ҚАБА:
 МЕНІҢ БАҒДАРЛАМАМДЫ ҚОЛДАУ- ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ ҚОЛДАУ!

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры