Бүгін мен желтоқсан көтерілісінде тәуелсіздік үшін иық тіресе күрескен әріптесім, "Нағыз желтоқсан" және "Рухани жаңғыру" қоғамдық қорларының президенті Құрманғазы Рахметовпен кездестім. Тіл жанашыры ретінде " Тіл қорғандарына", Тіл комитетінің жұмысына қолдау білдіре келіпті. Құры қол келмей, мемлекеттік тілдің беделін көтеруге қатысты өзінің ұсыныстарын ала келіпті.
...Желтоқсанның ызғарлы күндерін де еске алдық. Бір қызығы желтоқсан көтерілісі кезінде (төмендегі суретте) екеуміз қатарлас жүрген болып шықтық.
Аман жүріңдер, желтоқсанда ұлт мүддесін биік қойған қанды көйлек арыстандарым!
Әділбек Қаба