Ұлы, Жомарт бір күш бар Халық деген,
Қарайтын бар мен жоққа байыппенен,
Шен, шекпендің, нан жейді, сол халықтың,
Аузынан жырып берген салықпенен.
Халық барда - таусылмас ырысың бар,
Ел билеген шетіңнен "ұлысыңдар".
("Ұлысыңдар" бір жартың ұрысыңдар)
Халықтың қожасымыз деп қалмаңдар,
Дұрысы, сол халықтың құлысыңдар.
Құлысыңдар, Халықтың ұмытпаңдар!
Ұлықтасаң Халықты ұлықтаңдар!
Қарғысына халықтың жолығады,
От көңілін халықтың суытқандар.
Ей, халықтың құлдары, ҰМЫТПАҢДАР!
Әділбек Қаба