Құрметті тіл жанашырлары!
Күні кеше тіл жанашырларының қатысуымен «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» тақырыбында онлайн конференциясын өткіздік.⠀
Ендігі жерде тілге жанашыр болып жүру аз, тіл қорғаны болуымыз керек. Сондықтан да Комитет жанынан «ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ» онлайн тобын құрып отырмыз. Мемлекет басшысының мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру идеясын қолдайтын еліміздің әрбір азаматы мүше бола алады.
"ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ" онлайн тобы тіл мерейін көтеру, заңсыздықтармен
бірлесе күресу алаңқайына айналады.
Сондай ақ "ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ" онлайын тобы Тіл комитетінің парақшасында және менің фейсбук, инстаграм парақшамда, ватсабта "Тіл қорғандары" чатында да тіркеледі.
Тілге қатысты, жарнама мен, көрнекі ақпараттарда қате жазылса, басқа да заңбұзушылықтар болса суретке, видеоға түсіріп жіберіп отырыңыздар. Біз құзіретті комитет ретінде қандай да заң бұзушылықтардың түзетілуін заң аясында талап етеміз. Одан бөлек азаматтардың тіл үшін күрестегі белсенділігін арттыруға өздеріңізбен бірлесе белсенді жұмыс істейтін боламыз.
Айта кететін мәселе, заң шеңберінен шықпауымыз, ешкімнің құқын бұзбауымыз, ешкімнің ар намысына тимеуіміз қажет. Текті жұрттың баласына тән әдебімізді, мәдениеттілігім ізді, заңды құрметтеушілігі мізді өзіміз үлгі ете отырып, жоғарыда айтқанымдай, тілге қатысты жарнамадағы, жапсырмадағы басқа да қателер мен қызмет көрсетуде, қызмет алуда болған заңбұзушылықтар ды суретке, фотоға, видеоға түсіріп жіберіп отырсаңыздар болғаны. Орын алған тілге қатысты заң бұзушылықтардан бізді осы онлайн топ желілері арқылы құлағдар етіп отырыңыздар. Біз өз тарапымыздан құзіретті органдарға талап қоямыз, түзететін боламыз. Одан бөлек Тіл жанашырлары арасынан елге, тілге қызмет етуге шын пейілімен берілген
заңгерлерімізді ң де заң кеңесіне құлақ түре отырып, әр жағдайдың ақ- қарасын анықтайтын боламыз.
Өздеріңізбен бірлесе отырып бәріміз тілге қатысты заңсыздықты заң аясында шешуді ұйымдастырамыз.
Сондықтан да, құрметті
Тіл қорғандары, осы онлайн топқа өздеріңіз білетін, ниет білдірген, өздеріңіз жұмыс істеп жүрген тіл жанашырларын қосыңыздар. Қатарымыздың күн емес, сағат санап өсуі тіл беделін көтеруде аса маңызды.Ол үшін төменге қолдаймын деп жазып, аты- жөніңізді және телефон нөміріңізді (мүмкіндігінше ватсаб қосылған. Сондай ақ телефон нөмірін менің жекеме, инстаграмдағы парақшамда дайректке қалдыра аласыз. Өзіңіздің қай аймақтан екеніңізді жаза кетсеңіз. Заңгелер болса құба құп) қалдырсаңыз болады.
Өзіңіз.оқып отырған Фейсбук парақшамда " ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ" онлайн тобын (группасын) ашып қойдым. Соған жазылыңыздар.
Іске сәт, тіл қорғандары! Тіл тағдыры Сіздердің қолдарыңызда!
Әділбек Қаба,
Тіл комитетінің Төрағасы
Құрметті Тіл қорғандары!
Төрт сағат бұрын жарияланған және баршаңыз үн қосқан, неше жүздеген тіл патриоттары қолдап телефон нөмірін қалдырған жарияланым белгісіз себептермен өшіп кетті. Бірақ біз алған беттен қайтпайыз.Қайта жариялап қойдым.
Сол жерде телефон нөміріңіздәі қалдырып қолдаған коментарий өшіп кеткендіктен, осында ұсыныс, пікірлеріңізді айтып,
"Қолдаймын"деп жазып, телефондарыңызд ы қалдырыңыздар.
Мүмкіндігінше бөлісіңіздер.
Әдібек Қаба,
Тіл комитетінің Төрағасы