ӘКЕҢНІҢ ҚАДІРІН БІЛ, КӨЗІНІҢ ТІРІСІНДЕ....
Әкеңнен әл кетіпті,
Қолынан мал кетіпті.
Баяғы қауқары жоқ,
Кәрілік меңдетіпті...
Баллары ержетіпті,
қарайды кенже мықты.
Сонда да әкең жүрер,
Түгендеп кем кетікті.
Қиналған кезде тіпті,
Асқар тау – арқа сүйер,
Әкеңнің бары жақсы,
Білетін жөн-жетікті.
Сөйлесе - сөзге мықты,
Қараса – көз де сұсты.
Айтпай-ақ әкең сезер,
Сендегі өзгерісті.
Саған да кез келгенде,
Өмірің өзгергенде.
Қақ төрде отырса әкең,
Келін ап, қыз бергенде.
Келіндер Ата көріп,
Тұқымың жатар өріп,
Сәлем сап иілгенде,
Отырса бата беріп.
Қамын қып баласының,
Келінмен жарасуын,
Тілейтін бір Алладан,
Жан әкең – жанашырың.
Тақ мінген ірісің бе,
Пенденің бірісің бе,
Әкеңнің қадірін біл,
Көзінің тірісінде.
***
Көп шығар көретінің,
Аларың ... беретінің.
Бәріміз кезектеміз..
Білмейміз келесі кім?
Біз-дағы көбейтерміз,
Келместің төбешігін...
Алайда ұмытпағын,
Әкеңе жасағаның -
алдыңа келетінін.
Әділбек Қаба
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
Пікірлер (0)