«Біз кінәлі емеспіз» деумен 30 жыл өтті » Қабаев Әділбек Күнесханұлы
Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » «Біз кінәлі емеспіз» деумен 30 жыл өтті

«Біз кінәлі емеспіз» деумен 30 жыл өтті

27 Қыркүйек 2020, Жексенбі
310
0

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ тілін үйренуге келгенде «кінәлі емеспіз» деумен 30 жыл өтіп барады. Бұл туралы «Тіл тұтастығы - ел тұтастығы» атты онлайн-конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Əділбек Қаба айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
 «Қазіргі уақытта тіл үшін ең бір қауіпті кезең басталды деп айтуға болады. Неге? Бұрын алдыңғы ұрпақ: «Одақ құрамында болдық, ол кезде тілдік орта болған жоқ. Тілді үйренбедік, кінәміз жоқ» дейтін. Бүгін әлі де сол « кінәлі емеспіз « деумен, міне 30 жыл өтіп барады. Былай алып қарасақ, 30 жылдың 11 жылында бала мектепке барып, бүкіл мектептің пәнін үйреніп шығады. 5 жылда студент атанып, мамандықтың қыр-сырын меңгереді. Ал 30 жылда 30 ауыз сөз үйренбеу меніңше, жақсы емес. Сондықтан да бұл бір жағынан мемлекеттік тілге қажеттілікттің жоқтығынан деп те ойлаймын», - деді комитет төрағасы. Осы ретте ол тіл үшін ең бір қауіпті кезең басталды деуінің сырын да түсіндіріп берді. «Қауіпті кезең» деп отырғанымыз не? Ол бүгінгі күнгі қоғамдық көлікте, дүкенде, басқа орындарда - қызмет көрсету немесе қызмет жасаудың барлығында біз өзге тілге жүгініп жүрміз. Ол мемлекеттің, Үкіметтің немесе биліктің кінәсі емес қой. Бұған қоса, ата-анасы қазақша сөйлейтін отбасылардың өзінде кішкентай балаларының тілі орысша шығып жатыр. Неге? Өйткені, олардың кішкентайынан, көзін ашқанынан көретіні орысша мультфильмдер. Балаларымыздың мемлекеттік тілді білуі ақсап жатыр», - деді ол. Сонымен қатар комитет төрағасы бұл ретте, мемлекет әрекетсіз отыр, ештеңе жасаймайды деуге болмайтындығын баса айтты. «30 жылдың ішінде аймақтардағы тіл оқыту орталықтарында қаншама адам тіл үйреніп шықты. Заманға лайық әрекет ету үшін Тіл әлемі, Терминком.кз, Емле, Атау.кз, Тіл құралы, Сөздік қор сияқты 15-тен астам платформалар бар. Солар арқылы да тілімізді ілгерілетуге мүмкіндік жасалған. 2011-2019 жылдары еліміздегі 99 оқыту орталығында 514 мыңнан астам адамға қазақ тілі оқытылған. Бірақ олардың барлығы үйренген тілін пайдаланып жатыр ма? Қажеттілік бар ма? Мәселе осында. Осы қажеттілікті туғызу үшін не істейміз? Міне осы мәселелерді талқылау үшін бүгін бас қосып отырмыз», - деді Әділбек Қаба. Біздің каналымызға жазылыңыз: #Қоғам   #Басқа меморгандар  Бөлісіңіз: Автор: Марлан Жиембай 
inform.kz 
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры