ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ ІСКЕ КІРІСТІ » Қабаев Әділбек Күнесханұлы
Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ ІСКЕ КІРІСТІ

ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ ІСКЕ КІРІСТІ

07 Қазан 2020, Сәрсенбі
345
0

Шымкент қаласы әкімінің назарына!
 "ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ" онлайн тобының мүшесі, заңгер Ж.Л. Өстемірден Шымкент қаласы көшелеріндегі көрнекі ақпараттар тек орыс тілінде ілінгені, сол арқылы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама талаптарының бұзылғаны,  туралы өтініш келіп түсті. Хат авторы: "ШЫМКЕНТ қаласы көшелерінде Тіл заңы талаптарына қайшылық келтіретін сыртқы көрнекі ақпараттар - тек орыс тілінде орналасқаны анықталды. Қазақстан Халқы ассамблея маңында, Дендросаябақ маңында, Қошқар-Ата аумағында және басқа да жерлерде ілініп тұр. Бұл қалай сонда? Қазақ тілін ғана білген шымкенттіктер арам қата берсін дегені ма? Сонда Мемлекеттік тілге құрмет қайда? Осы жөнінде мен өз пікірімді әлеуметтік желіге жаздым, халық арасында бұл әрекеті үлкен сынға ұшырады. Орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану туралы міндетін орындар емес. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Заңға сәйкес, жауап беруіңізді сұраймын»  - дейді хатында.
Тіл Комитеті  Ж. Өстемірдің талап арызы бойынша   Шымкент қаласы әкімі мен оның осы көрнекі ақпарат сауаттылығына  жауапты лауазым иелеріне
Қазақстан Республикасы Конституциясының 
4-бабына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес аладағы көрнекі ақпараттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес орналастыруын ұйымдастыруды ұсынады.
Заң бұзушылыққа байланысты кінәлілер анықталды ма, оларға қандай шара қолданылды, қателік түзтілді ме, бұл туралы әкімдік жауабын жария ететін боламыз.

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры