ДҮЙСЕНБІ ТАЗА ҚАЗАҚ БОЛЫП ОЯНЫҢЫЗДАР...
Петропавлда орыс көп деген сөз көп айтылады. Мүмкін.Әртүрлі тарихи кезеңдерде келіп қоныстанған шығар. Алайда ондағы орыс отандастар қазақ тілін үйренуге ынталы. Сенбесеңіз Тіл комитеті ұйымдастырған "Мен қазақша сөйлеймін" атты бәйгеге қатысқан мына баланың сөзін тыңдаңыз. Өкініштісі, біздің кейбір дөй шенеуніктер мен өзін орыстілді ақсүйек санайтын көп қазақтың балалары Қадыр Мыра Әлі ақынды бұлай түсініп оқи алмайды.
Баланың сөзінен ой түйіңіз. Қандай? Мен қазақша бала бақшаға бардым деп отыр. Сосын қазақ мектебіне берген ата - анасы. Яғни болашақ қазақ тілінде екенін біледі орыс ағайындар. Осыдан тағы бір түйетін ойыңыз, бала бақшаның бәрін қазақша ету керек. Әрине, оған біздің "қара орыстарымыз" яғни, орыстанып кеткен қазақтарымыз көнсе. Бәленің бәрі солардан шығады. Әйтпесе, қазақтың саны өсті ғой. Тек ұлттық мүддені ұстану сапасы өспей тұр.
Не десе де мына балақай түбі үлкен биікке шығады. Өйткені қазақтың тілінің киесі бар.
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
07 Қазан 2020, Сәрсенбі
ТІЛ КОМИТЕТІНІҢ СЕМИНАРЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАП ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАДЫ
Пікірлер (0)