БІР ДӘРІ ОЙЛАП ТАПСАМ БА ЕКЕН... » Қабаев Әділбек Күнесханұлы
Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » БІР ДӘРІ ОЙЛАП ТАПСАМ БА ЕКЕН...

БІР ДӘРІ ОЙЛАП ТАПСАМ БА ЕКЕН...

20 Қыркүйек 2020, Жексенбі
273
0
Арыңды сатасың, пұл тапқың кеп,
Жағымпаз, жалтақ, бұлтақсың көп...
Анаң  қуанып, қалжа жеді- ау,
Еліме қорған ұл таптым деп.
 Ұл емес, құл болғаның ба,
 Іргедегі итпен бір болғаның ба?
Қожаң құйған іркітке мәз болып,
Жағымпаздарға пір болғаның ба.
Жағымпаз, жемқор арандас тегі,
Арлы еркек оған бара алмас еді,
Анаң бейшара  тумап еді ғой,
Өзгенің артын жалауға сені.
Семіріп алыпсың, түрің майланып,
Қампиған қарныңа ірің байланып.
Көсемсисіңдағы... ел қамына келгенде,
Мылқаулансың, тілің байланып.
Анаңның туған тілін сүймейсің, 
Салт-дәстүр, ғұрып, бірін білмейсің.
Боққарынның қабы ғанасың 
Тірі өлік екеніңді біліп жүргейсің.
Бұл өлеңді оқып налып отырсың,
Кек қанжарыңды жанып отырсың.
Жағымпаз, бұл жыр дәл сен туралы,
Білемін, өзіңді танып отырсың.
Жасын боп аспаннан ақсам ба екен,
Жай болып сендерді атсам да екен...
Жаппай жайлаған жағымпаздыққа,
Бір дәрі ойлап тапсам ба екен...
Әділбек Қаба
 
Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

КІРЛЕТІП АЛМА  АРЫҢДЫ...
23 Тамыз 2020, Жексенбі
КІРЛЕТІП АЛМА АРЫҢДЫ...
Нағыз еркек
20 Қыркүйек 2020, Жексенбі
Нағыз еркек
Жүректің сырын ақтардым бүгін…
22 Қыркүйек 2020, Сейсенбі
Жүректің сырын ақтардым бүгін…
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры