БҰЛ БАНК ҚАЙ ЕЛДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖАТЫР? » Қабаев Әділбек Күнесханұлы
Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » БҰЛ БАНК ҚАЙ ЕЛДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖАТЫР?

БҰЛ БАНК ҚАЙ ЕЛДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖАТЫР?

07 Қазан 2020, Сәрсенбі
217
0
Каспи банк АҚ басшылығының назарына!
Ж.Л. Өстемірден еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қосымша бағдарламаларының мемлекеттік тілдегі нұсқасының жоқтығы туралы өтініш келіп түсті. Хатта автор: «Екінші деңгейлі банктердің қосымша бағдарламалары МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ НҰСҚАСЫ жоқ болғаны менің азамат ретінде, тұтынушы ретінде қызмет алу құқықтарымды бұзбайды емес па? Мен және менің ұлым Қазақстан Халық Банкі және КАСПИ БАНК АҚ клиенттеріміз. АТалғандай қосымшалары тек ресей тілінде... Осы мәселе бойынша Уәкілетті орган ретінде РЕСМИ ескерту жасап, қажетті шараларды қолдануды сұраймын» - дейді.
Бұл ретте Тіл саясаты комитеті тарапынан жоғарыда аталған банктерге Конституцияның 14-бабына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 4-бабына сілтеме жасала отырып, аталған мәселенің мән-жайын анықтап, тиісті шаралар қабылдау туралы хат жолдадық.
Банк басшылығы жауапты кешіктірмейді деп ойлаймыз.
Каспи банк: 
"Біз сіз үшін не істей аламыз?"
Қазақ Елі: 
"Мемлекеттік тілдегі қызметті жолға қойыңыздар.Конституцияның 14-бабын және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 4-бабын орындаңыздар. 
Тіл Комитетінің төрағасы 
Әділбек Қаба

Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры