"КАСПИ БАНК" ҮНСІЗ. "ХАЛЫҚ БАНК" УӘДЕ БЕРДІ
ТІл саясаты комитетіне жеке азаматтардан еліміздегі екінші деңгейлі банктердің арнайы қосымшаларына қазақ тілінде тіркелу мүмкін еместігі туралы өтініш хаттар келіп түскенін жариялағанбыз.
Осы орайда, Тіл саясаты комитеті аталған мәселені өз құзыреті шегінде қарап, “Қазақстан Халық банкі” АҚ мен “Kaspi Bank” АҚ-ға мұндай жағдайлардың орын алмауы үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсыныс/ескерту хатын жолдады. Бұл бірінші шағым емес. Осының алдында, яғни ағымдағы жылғы 3 қазанда жолданған ұсыныс хатқа жауап берген жоқ. Ал 7 қазанда хат қайта жолданып,
біздің тарапымыздан болған ұсынысқа “Қазақстан Халық банкі” АҚ-ның баспасөз қызметінен жұмыс тәртібінде жедел түрде жауап алдық. Жауап мәтінінде “Өз ризашылығымызды білдіреміз! Сындарлы ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңіз Банк клиенттеріне көрсетілетін қызмет сапасын одан әрі жетілдіре түсу мақсатында пайдаланылатын болады. Сіздің хатыңызға ҚР заңнамасында және Банктің ішкі құжаттарында белгіленген мерзімге сәйкес міндетті түрде өз жауабымызды беретін боламыз” деп жазылған. Оған да рахмет. Ал Каспи банк үнсіз. Хат мерзімін күтеміз. Әлі уақыт бар. Баспасөз қызметінің телефонына қанша хабарласқанмен ала алмадық. Әлеуметтік желідегі халық пікіріне мониторинг жасамайтын болғаны ма?
Екі банктен ресми жауапты күтетін боламыз.
Талқылау
Сондай-ақ оқыңыз:
07 Қазан 2020, Сәрсенбі
ТІЛ КОМИТЕТІНІҢ СЕМИНАРЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАП ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАДЫ
Пікірлер (0)