"Әділбек Күнесханұлы Қабаев" Smart қаламгер
Нашар көрушілер нұсқасыСайттың қалыпты нұсқасы
ЖАС АҚЫН, ЖАЗУШЫЛАР ҚОЛДАУҒА ЗӘРУ
21 Қазан 2020
Тіл комитеті өткізіп отырған бұл басқосу Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың халыққа жақын болу, қоғаммен кері байланыс орнату міндетін жүзеге асыру негізінде өтті. Қазақтың бай тілінің мәйегін бойына сіңіріп, келер ұрпаққа дарытатын сөз ұсталары қаламгер жастардың мәселелерін ортаға салды. Кездесудің маңыздылығын ескере отырып, Тіл комитеті еліміздің барлық аймақтарындағы жас ақын-жазушыларды
Категория: СМИ-БАҚ
БЕСІКТЕГІ БАЛАНЫҢ ТІЛІ ОРЫСША ШЫҒА БАСТАДЫ
18 Қазан 2020
Осы келеңсіздікті түзеу үшін Тіл комитеті еліміздегі анимациялық фильм жасайтын барлық компанияларды жинап, алдарына нақты мәселе қойды. Неге біздің балаларымыз негізінен орыс тіліндегі өнімдерді көруге мәжбүр? Елімізде дүние танымы енді қалыптаса бастаған балаларымызға батырлар жыры, тәрбиелік, патриоттық маңызы басым аңыздар мен ертегілерден ұлттық негізі бар анимациялық фильмдер жасауға не
Категория: СМИ-БАҚ
"ТІЛ ҚОРҒАНЫ" ТЕКСЕРУГЕ ШЫҚТЫ
18 Қазан 2020
Толерантты деген бір әдемі сөз бар. Әсіресе саясатшылар жақсы көреді. Ұғыпеді (Укипедия) көкеңнен сұрасаң "Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті" деп түсіндіреді. Біз мемлекеттік тілді менсінбеушілерге төзімді бола- бола етіміз өліп, енді
Категория: СМИ-БАҚ
ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГЕНДЕ ҚАЗАҚТЫ ЖАҢЫЛДЫРАТЫН ОРЫСТАР БАР ЕКЕН
14 Қазан 2020
Бүгін бұған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында өткізген өзге ұлт жастары арасындағы республикалық онлайн байқауда анық көзіміз жетті. Бұған дейін үш жыл қатарынан «Тілдарын» байқауы деп аталған бұл сайыс биылдан бастап «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауы
Категория: СМИ-БАҚ
ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГЕН ОРЫСТЫ ІШ ТАРТЫП ТҰРАМЫЗ
13 Қазан 2020
Рас қой, орыс қазақша сөйлеп тұрса қуанып, риза болып қаламыз. Ішің жылып қалады. Мемлекет басшысының қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру деген идеясының мәні де осында жатыр. Қазақ тілі - еліміздегі барлық ұлт өкілдерін ұлт ретінде топтастыра алатын ұлы күш. Сондықтан "Тіл қорғандары" тілге қатысты заңсыздықтарға назар аудара жүріп, тілді жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін үлгі ете
Категория: ---
ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ЖАТҚА АЙТУДАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
13 Қазан 2020
Осы аптаны таза қазақша сөйлейтін апта болсын деп едік. Азаматтар барынша ат салысып жатыр. Ерекше атап өтетін оқиға, орыстар және өзге ұлт өкілдері қазақтың "Алпамыс", "Қобыланды", "Ертарғын" сияқты батырлар жырларын жатқа айтып таңқалдырды. Бұл еліміздегі өзге ұлт өкілдері арасында Тіл комитеті ұйымдастырған "Мен қазақша сөйлеймін" акциясы аясында өтті. Акцияның мақсаты - Мемлекет басшысы
Категория: СМИ-БАҚ
ХАЛЫҚТЫҢ ҚОЖАСЫМЫЗ ДЕП ҚАЛМАҢДАР....
12 Қазан 2020
Ұлы, Жомарт бір күш бар Халық деген, Қарайтын бар мен жоққа байыппенен, Шен, шекпендің, нан жейді, сол халықтың, Аузынан жырып берген салықпенен. Халық барда - таусылмас ырысың бар, Ел билеген шетіңнен "ұлысыңдар". ("Ұлысыңдар" бір жартың ұрысыңдар) Халықтың қожасымыз деп қалмаңдар, Дұрысы, сол халықтың құлысыңдар. Құлысыңдар, Халықтың ұмытпаңдар! Ұлықтасаң Халықты ұлықтаңдар! Қарғысына халықтың
Категория: СМИ-БАҚ
ДҮЙСЕНБІ ТАЗА ҚАЗАҚ БОЛЫП ОЯНЫҢЫЗДАР...
10 Қазан 2020
Петропавлда орыс көп деген сөз көп айтылады. Мүмкін.Әртүрлі тарихи кезеңдерде келіп қоныстанған шығар. Алайда ондағы орыс отандастар қазақ тілін үйренуге ынталы. Сенбесеңіз Тіл комитеті ұйымдастырған "Мен қазақша сөйлеймін" атты бәйгеге қатысқан мына баланың сөзін тыңдаңыз. Өкініштісі, біздің кейбір дөй шенеуніктер мен өзін орыстілді ақсүйек санайтын көп қазақтың балалары Қадыр Мыра Әлі ақынды
Категория: СМИ-БАҚ
"КАСПИ БАНК" ҮНСІЗ. "ХАЛЫҚ БАНК" УӘДЕ БЕРДІ
10 Қазан 2020
ТІл саясаты комитетіне жеке азаматтардан еліміздегі екінші деңгейлі банктердің арнайы қосымшаларына қазақ тілінде тіркелу мүмкін еместігі туралы өтініш хаттар келіп түскенін жариялағанбыз. Осы орайда, Тіл саясаты комитеті аталған мәселені өз құзыреті шегінде қарап, “Қазақстан Халық банкі” АҚ мен “Kaspi Bank” АҚ-ға мұндай жағдайлардың орын алмауы үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы
Категория: СМИ-БАҚ
ЖЕЛТОҚСАНДА ҚОЙЫЛҒАН ТАЛАПТЫҢ БІРІ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ БОЛАТЫН
08 Қазан 2020
Бүгін мен желтоқсан көтерілісінде тәуелсіздік үшін иық тіресе күрескен әріптесім, "Нағыз желтоқсан" және "Рухани жаңғыру" қоғамдық қорларының президенті Құрманғазы Рахметовпен кездестім. Тіл жанашыры ретінде " Тіл қорғандарына", Тіл комитетінің жұмысына қолдау білдіре келіпті. Құры қол келмей, мемлекеттік тілдің беделін көтеруге қатысты өзінің ұсыныстарын ала келіпті. ...Желтоқсанның ызғарлы
Категория: СМИ-БАҚ
БҰЛ БАНК ҚАЙ ЕЛДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖАТЫР?
07 Қазан 2020
Каспи банк АҚ басшылығының назарына! Ж.Л. Өстемірден еліміздегі екінші деңгейлі банктердің қосымша бағдарламаларының мемлекеттік тілдегі нұсқасының жоқтығы туралы өтініш келіп түсті. Хатта автор: «Екінші деңгейлі банктердің қосымша бағдарламалары МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕГІ НҰСҚАСЫ жоқ болғаны менің азамат ретінде, тұтынушы ретінде қызмет алу құқықтарымды бұзбайды емес па? Мен және менің ұлым Қазақстан
Категория: СМИ-БАҚ
ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ ІСКЕ КІРІСТІ
07 Қазан 2020
Шымкент қаласы әкімінің назарына! "ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ" онлайн тобының мүшесі, заңгер Ж.Л. Өстемірден Шымкент қаласы көшелеріндегі көрнекі ақпараттар тек орыс тілінде ілінгені, сол арқылы Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнама талаптарының бұзылғаны, туралы өтініш келіп түсті. Хат авторы: "ШЫМКЕНТ қаласы көшелерінде Тіл заңы талаптарына қайшылық келтіретін сыртқы көрнекі ақпараттар - тек орыс
Категория: СМИ-БАҚ
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕНІ АРҚАЛАП ҰЛЫ САЙЫСҚА...
07 Қазан 2020
Ұлт үшін не істедің? Ұлың үшін тау қопаруға барсың. Білеміз. Бірақ сол ұрпағың ұлттың бір бөлшегі ғана. Өмір өтеді. Қызмет те уақытша. Сол өмірдің мәні үміт күткен жұртыңа не бере алғаныңда. Тіл - қазақтың жаны. Жері - өмірінен де қымбат. Халқы - қазынасы. Салт дәстүрі - ұлт екенінің белгісі. Ұлт мүддесі деген де осы. Сол ұлттық мүдде үшін күресу керек. Елге аты белгілі заңгер Абзал Құспанов
Категория: СМИ-БАҚ
ТІЛ КОМИТЕТІНІҢ СЕМИНАРЫНДА ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚОЛДАП ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАДЫ
07 Қазан 2020
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылғы 30 қыркүйек күні онлайн режімде «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық
Категория: СМИ-БАҚ
ТІЛ ЖАНАШЫРЫ ҒАНА БОЛУ АЗ, ТІЛ ҚОРҒАНЫ БОЛЫҢЫЗДАР!
28 Қыркүйек 2020
Талап. Тілге қажеттілік туғызудан кейінгі керегі - лайықты талаптың болуы. Бірақ нені бетке ұстап, неге сүйеніп талап етеміз? Өзге елдердегідей мемлекеттік тілді білуге, сөйлеуге, қызметке тек тіл білетіндерді ғана алуға міндеттеуге болар еді. АҚШ, Германия сияқты бірқатар алып мемлекеттер тіл білмесе азаматтық бермейді. Оларда да бізден де көп ұлт өкілдері тұрады. Бірақ көрші мемлекеттің
Категория: СМИ-БАҚ