"Әділбек Күнесханұлы Қабаев" Smart қаламгер
Нашар көрушілер нұсқасыСайттың қалыпты нұсқасы
ТІЛ ЖАНАШЫРЫ ҒАНА БОЛУ АЗ, ТІЛ ҚОРҒАНЫ БОЛЫҢЫЗДАР!
28 Қыркүйек 2020
Талап. Тілге қажеттілік туғызудан кейінгі керегі - лайықты талаптың болуы. Бірақ нені бетке ұстап, неге сүйеніп талап етеміз? Өзге елдердегідей мемлекеттік тілді білуге, сөйлеуге, қызметке тек тіл білетіндерді ғана алуға міндеттеуге болар еді. АҚШ, Германия сияқты бірқатар алып мемлекеттер тіл білмесе азаматтық бермейді. Оларда да бізден де көп ұлт өкілдері тұрады. Бірақ көрші мемлекеттің
Категория: СМИ-БАҚ
"ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ" ІСКЕ КӨШЕДІ!
28 Қыркүйек 2020
Құрметті тіл жанашырлары! Күні кеше тіл жанашырларының қатысуымен «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» тақырыбында онлайн конференциясын өткіздік.⠀ Ендігі жерде тілге жанашыр болып жүру аз, тіл қорғаны болуымыз керек. Сондықтан да Комитет жанынан «ТІЛ ҚОРҒАНДАРЫ» онлайн тобын құрып отырмыз. Мемлекет басшысының мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру идеясын қолдайтын еліміздің әрбір
Категория: СМИ-БАҚ
«Біз кінәлі емеспіз» деумен 30 жыл өтті
27 Қыркүйек 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақ тілін үйренуге келгенде «кінәлі емеспіз» деумен 30 жыл өтіп барады. Бұл туралы «Тіл тұтастығы - ел тұтастығы» атты онлайн-конференциясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Əділбек Қаба айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазіргі уақытта тіл үшін ең бір қауіпті кезең басталды деп айтуға болады. Неге? Бұрын алдыңғы ұрпақ:
Категория: СМИ-БАҚ
Жүректің сырын ақтардым бүгін…
22 Қыркүйек 2020
Басы жоқ батыр… далаңды кезіп жүр әлі… Жүрегінде оның дұшпанның салған лаңы, Кешқұрым сәтте көтеріп көкке найзасын, Салт атты батыр… қыр басында тұрады. Жеткізе алмай қасірет, қайғы, арманын, Қапа күн кештің-ау, қаһарман ерім, ардағым. Аспан мен жердің ортасында қалып рухың, Жаның жай таппай, қиналды ма екен аруағың. Алашың үшін аттан түспеген сардарым, Бұл қазақ тағы бас көтермесін деген
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
Нағыз еркек
20 Қыркүйек 2020
Нағыз еркек қандай еді? Қара басы – хандай еді! Көзі шоқты, жүрегі отты, Белі кетпес нардай еді. Бүгінгі еркек қандай болды? Жетекке ерген тайдай болды. Айтса көнген... айдаса өрген, Отардағы малдай болды. Ойлап тауып лезде айла, Жағынады бір ез байға, Тізе бүгіп, бас имеген, Қазаққа тән мінез қайда? Бүгінгі-би ертең – аруақ, Демі бітіп, күні озбай ма... Салтты былғап бар күйемен, Құнын ұқпай
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
Әр адамның ішінде екі бөрі
20 Қыркүйек 2020
Адам мәңгі бақытты боп жүрмейді, Бірде Ақыл, бірде Ашу билейді. Ырылдасып, бірін бірі жүндейді, Не жетпейді... өздері де білмейді. -Мисал айтам, әрекет қыл, түсін де,- деді ақсақал,- оңалады ісің де, әр адамның біле білсең, қарағым, Екі бөрі отырады ішіңде... Қара бөрі сақ-сақ ұрып азуын, Қаратпайды, бар ма, жоқ па жазығың, Ал ақ бөрі беріспейді, күзетіп, Өзгертуге Жаратқанның жазуын.
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
ОСЫ ХАЛІМ...
20 Қыркүйек 2020
Бір жаққа асығамын, Осы сарын, Үнемі осы халім. Әлденеге... Үлгерместей болып тұрам, Несі барын. Жәйбарақат, Өзге елдің баласындай, Неге өмір сүрмеймін, аласұрмай. Осы сарын, Үнемі осы халім... Бірдеңеге үлгермей қалатындай. Сап, сап көңіл, Сен неге асығасың, Күніне мың өрекпіп басыласың. Күнде асығам... ашуға құпияңды, Ей Өмір! Менен нені жасырасың? Әділбек Қаба
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
БІР ДӘРІ ОЙЛАП ТАПСАМ БА ЕКЕН...
20 Қыркүйек 2020
Арыңды сатасың, пұл тапқың кеп, Жағымпаз, жалтақ, бұлтақсың көп... Анаң қуанып, қалжа жеді- ау, Еліме қорған ұл таптым деп. Ұл емес, құл болғаның ба, Іргедегі итпен бір болғаның ба? Қожаң құйған іркітке мәз болып, Жағымпаздарға пір болғаның ба. Жағымпаз, жемқор арандас тегі, Арлы еркек оған бара алмас еді, Анаң бейшара тумап еді ғой, Өзгенің артын жалауға сені. Семіріп алыпсың, түрің
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
ТІЛ КОМИТЕТІ ЖАҢАША ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ
20 Қыркүйек 2020
Қажеттілік. Мемлекеттік тілді еліміздің әр азаматы өз бетімен үйренуге, таза сөйлеп, жазуға , өмірде қолдануға құлықты болуы үшін алдымен осы қажеттілік болуы керек. Сонда ғана қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік тілге, еліміздегі ұлтаралық қатынас тіліне айналдыруға мүмкіндік бар. Ал ол қажеттілікті туғызудың екі жолы бары белгілі. Біріншісі, заңмен міндеттеу, бақылауды күшейту. Екіншісі, әр
Категория: СМИ-БАҚ
ӘКЕҢНІҢ ҚАДІРІН БІЛ, КӨЗІНІҢ ТІРІСІНДЕ....
20 Қыркүйек 2020
Әкеңнен әл кетіпті, Қолынан мал кетіпті. Баяғы қауқары жоқ, Кәрілік меңдетіпті... Баллары ержетіпті, қарайды кенже мықты. Сонда да әкең жүрер, Түгендеп кем кетікті. Қиналған кезде тіпті, Асқар тау – арқа сүйер, Әкеңнің бары жақсы, Білетін жөн-жетікті. Сөйлесе - сөзге мықты, Қараса – көз де сұсты. Айтпай-ақ әкең сезер, Сендегі өзгерісті. Саған да кез келгенде, Өмірің өзгергенде. Қақ төрде отырса
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
ҚАЗАҒЫМ- ҰЛТЫМ МЕНІҢ!
19 Қыркүйек 2020
Қазағым! Ұлтым менің - ырыс, құтым, Елім аман, жер болсын, тыныш, бүтін. Тірлігі мен бірлігі жарасатын, Сүймейді бейбіт, дархан ұлысты кім! Қазағым, Азат елім, Жерің- Жаның, Ана тілің - Рухың, сенің арың! Жерің барда - тілің бар, дінің аман, Анаңды сүйгендей сүй, топырағын! Қазағым, Ұлы дала арыстаны, Жасындай жарқылдаған Намыстары! Отан үшін ойланбай отқа түсіп, Ұлт үшін жанын қиған Арыстары!
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
ӨМІР ДЕГЕНІҢ ҚАРАҒЫМ, БЕСІК ПЕН КӨРДІҢ ӨТКЕЛІ...
17 Қыркүйек 2020
Өтпелі-ау, дүние өтпелі, Кімдерге келіп кетпеді. Білінбейді пендеге, Басынан пәни өткені. Тағдырға біреу өкпелі, «Не жаздым, Тәңір?» деп тегі, Талайдың кетіп кектері, Құдайға дауысы жетпеді. Көтермес өмір өкпені, Кәрілік келіп жеткені, Келмеске кетер артынан, Бабаларының көктегі. Кімдерден дәурен өтпеді. Айды алмақ болған көктегі, Өлмесе қайда кеткені, Бағзы заман бектері. Патшалардың өктемі
Категория: ШЫҒАРМАЛАР