ГҮЛ МЕН ЖЕЛ » Қабаев Әділбек Күнесханұлы
Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29

ГҮЛ МЕН ЖЕЛ

21 Тамыз 2020, Жұма
160
0
Сонааау бір бағзы заманда,
Жоқ кезде аң да, адам да,
Жел Гүлге ғашық болыпты,
Гүл ғашық екен, оған да...
Демімен қыздырып, сая бақты,
Жел - самал боп аялапты,
Нәп-нәзік гүлден,
Бар махаббатын аямапты.
Өтсе де уақыт тегі,
Шыққанша ақық демі.
Бөленген махаббатқа,
Гүл байғұс бақытты еді.
Бірде...
Азсынып, ойын-сауығын,
Баса алмай бұған мауығын,
Жел бар күшіне салып,
Тұрғызды махаббат дауылын.
Найзағай ойнады, тіліп көкті,
Гүлден әл, Желден ырық кетті...
Шектен тыс махаббатқа шыдай алмаған,
Гүл сынып кетті.
Гүл өлді. Жел жылады...
Еш жерге болмай тұрағы, 
желдің зарлы уілмен соғатыны,
жоғалғаннан дейді сыңары...
Әділбек ҚАБА
(«Махаббат маусымы» топтамасынан)
 
Талқылау

Сондай-ақ оқыңыз:

ТАҢДАУ ...
27 Тамыз 2020, Бейсенбі
ТАҢДАУ ...
Әр адамның ішінде екі бөрі
20 Қыркүйек 2020, Жексенбі
Әр адамның ішінде екі бөрі
Жүректің сырын ақтардым бүгін…
22 Қыркүйек 2020, Сейсенбі
Жүректің сырын ақтардым бүгін…
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры