ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҮБІНЕ, ЖЕМҚОРЛАР ЖЕТІП ЖҮРМЕСІН... » Қабаев Әділбек Күнесханұлы
Байланыс телефондары:
+7(7172) 20–44–53
+7(701) 533-12-29
» » ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҮБІНЕ, ЖЕМҚОРЛАР ЖЕТІП ЖҮРМЕСІН...

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҮБІНЕ, ЖЕМҚОРЛАР ЖЕТІП ЖҮРМЕСІН...

20 Тамыз 2020, Бейсенбі
98
0
Күн артынан күн өтіп,
Қуантып, кейде жүдетіп,
Өте де шықты-ау бұл жалған,
Атқан оқтай зу етіп.
Алаш жолын ту етіп,
Дұшпанменен тіресіп,
Желтоқсанда тоңдық біз,
Азаттық үшін күресіп.
Ел дәстүрін түлетіп,
Тарихын қайта түзетіп,
Талай тоңды жібіттік,
Қатып қалған сіресіп.
Ашылып алдан мың есік,
Дамыған елге ілесіп,
Өркендеп-ақ кетер ек,
Жолын кесті жемқорлық,
Жігерін елдің құм етіп.
Адам да бүгін өзгерді,
Алданбас аяр сөзге енді.
Құлқынына жемқордың,
Құм құятын кез келді.
Жемқормен күрес бізге сын,
Әр адам жолын іздесін!
Тәуелсіздіктің түбіне,
Жемқорлар жетіп жүрмесін.
Әділбек ҚАБА
 
Талқылау
Пікір қалдыру
Пікірлер (0)
Түсініктеме
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы
"Ақпараттық-технологиялық орталығы "РМР" Қоғамдық қоры