"Әділбек Күнесханұлы Қабаев" Smart қаламгер
Нашар көрушілер нұсқасыСайттың қалыпты нұсқасы
ТАҢДАУ ...
27 Тамыз 2020
ТАҢДАУ ... Танысуға ой кеткен, бір жігітпен бойжеткен, Таңдап жатты дүкенде, Ең әдемі көйлектен... Шаш төбеге түйілген, Қас садақтай иілген, Ендігі ойы жігітті, Таңқалдырмақ киіммен. Өзгердік пе сірә біз, Мақтан іздеп тұрамыз, Қарап тұрып бұл қызға, Еске түсті бір аңыз. Бір патша ғаламға, Билік еткен заманда, Қызын бермек болыпты, Бақуатты адамға. Күйеулер бірден табылды, Алтын-күміс тағынды,
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
ӨКПЕЛЕМЕ КҮНДЕРІМ...
26 Тамыз 2020
Бұлт үстінде келемін қанат қағып, Тәңірден сыр ұғуға талаптанып, Өмірімнің кітабы орталады, Күндегісін күнде оқып, парақталып. Төбемде Күн! Ақ бұлттар табанымда, Жиналған жүн секілді сабалуға. Жерде дәмі біткендер аспанға ұшып, бұлт астында басқалар жаралуда. Өткізіп, өмір деген қас қағымды, Күйбеңге қор қыласың жас шағыңды. Ақ бұлттың астындағы қу тірлікте, Тауға-тасқа соғасың бастарыңды. Ей,
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
ҚАЙРАН МЕНІҢ ҚАРТТАРЫМ...
25 Тамыз 2020
Дүние мен қайтейін өткеніңді, Қарамай алды артыңа кеткеніңді. Жалына бұл жалғанның жармасқанмен, Қанша адам қанжығаңа бөктерілді. Келмеске бет алдырып көштеріңді, Сұм ажал селдіретті-ау, шептеріңді. Қарттарым қарқарадай жатырмысың, Жамылып топырақтан шекпеніңді. Данышпан, шеттерінен неткен үлгі, Білмейтін кектенуді, жек көруді, Телі менен тентекті тыя білген, Сабасына түсіріп өктеміңді. Дәріптеп
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
БАЛАҢЫЗ ТҰЛҒА БОЛСЫН, ПЕНДЕ БОЛМАЙ...
24 Тамыз 2020
Бір жас бар, тумай жатып шал сияқты, Санда бар, санатта жоқ жан сияқты. Өзінің пікірі жоқ, отардағы, Айдағанға көнетін мал сияқты. Бір жас бар жатырынан жанып туған, Ұлылармен үзеңгі қағыстырған. Мен жастарға, айтайын бір насихат, Жақсыменен жаманды салыстырған. Бір жас бар, шайтанменен шалыс туған, Арақ ішіп азғындар, салып думан, Ақымақ қып өсірген ата-ананың, Дос-дұшпаны бетіне салық қылған
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
КІРЛЕТІП АЛМА АРЫҢДЫ...
23 Тамыз 2020
Көреді Тәңірі жылағаныңды, Береді қалап, сұрағаныңды, Құдайыңды ұмытып, құнығып кетпей, Таза ұстағайсың, бірақ арыңды. Ішерсің, киіп ұнағаныңды, Тойғызарсың-ау, мына қарынды. «Ұмытып кетпе!», - дейді екен Алла, - «Дүние беріп сынағанымды». Тұрғызар демеп, құлағаныңды, Көбейтер адал құрағаныңды. Қолың кір болса, жусаң кетеді, Жусаңда кетпейді, бірақ арыңды. Отқа күйдіріп, талай залымды Тозақта
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
ГҮЛ МЕН ЖЕЛ
21 Тамыз 2020
Сонааау бір бағзы заманда, Жоқ кезде аң да, адам да, Жел Гүлге ғашық болыпты, Гүл ғашық екен, оған да... Демімен қыздырып, сая бақты, Жел - самал боп аялапты, Нәп-нәзік гүлден, Бар махаббатын аямапты. Өтсе де уақыт тегі, Шыққанша ақық демі. Бөленген махаббатқа, Гүл байғұс бақытты еді. Бірде... Азсынып, ойын-сауығын, Баса алмай бұған мауығын, Жел бар күшіне салып, Тұрғызды махаббат дауылын.
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
Мен білетін біреу бар...
21 Тамыз 2020
Мен білетін біреу бар... жиып қойған ұятты, Өтірік күліп жылмиған, жер тауысқан сұм әккі, Өсекке түріп құлақты, Талайды шалып құлатты. Жер сызады қарыны буаз есек сияқты. Мен білетін біреу бар... Басшының артын жалаған. Санайтын өзін дарадан, Қимылдатпай саусағын, Жұрт еңбегін қанаған. Мақұрым ақыл санадан, Ақымақ силы заманда, " Зиялы" боп тұр сол адам. Мен білетін біреу бар... Тонаған жұрттың
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҮБІНЕ, ЖЕМҚОРЛАР ЖЕТІП ЖҮРМЕСІН...
20 Тамыз 2020
Күн артынан күн өтіп, Қуантып, кейде жүдетіп, Өте де шықты-ау бұл жалған, Атқан оқтай зу етіп. Алаш жолын ту етіп, Дұшпанменен тіресіп, Желтоқсанда тоңдық біз, Азаттық үшін күресіп. Ел дәстүрін түлетіп, Тарихын қайта түзетіп, Талай тоңды жібіттік, Қатып қалған сіресіп. Ашылып алдан мың есік, Дамыған елге ілесіп, Өркендеп-ақ кетер ек, Жолын кесті жемқорлық, Жігерін елдің құм етіп. Адам да бүгін
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
Әйелің қартайыпты...
19 Тамыз 2020
Әйелің қартайыпты, Жүзінен әр тайыпты. Көрмесең тұра алмайтын, Сезімің... ортайыпты. Кезінде бағыңды ашқан, Қара көз қарындастан, Айналды бәйбішеге, Ақ жүзін әжім басқан. Солған соң бала көрік, Махаббат барады өліп, Өзгеге қырындайсың, Жар көзін ала беріп. Уақыт аз ілгері, Өткенде сезінгені, Нұр тайып көзіңдегі, Ұнамай қапты саған, Бетінің әжімдері... Аямай қолда барын, «Ерім» деп қолдағанын,
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
ЖАСАНДЫЛЫҚ...
18 Тамыз 2020
Көңіл қалды адамның біразынан, Зиялыдан, зымиян биязыдан. Ойпырмай, жалықтырды жасандылық, Көңілді қайтсем екен құлазыған. Анау жүр ұлттың қамын жеген болып, "Қазағым! Қайран жұртым!" деген болып. Елім, жұртым дегені жасандылық, Қорықсаң зымияннан деген қорық. Анау жүр бетке ұстап тілді, дінді, Көлгірсіп, көп аңқауды жынды қылды. Тілім, дінім дегенің жасандылық, Біледі мына халық тірлігіңді.
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
Сұрау белгі
16 Тамыз 2020
Әжім торлап бетіңді, Сұлулықты өшірді... Бүгіліпті белің де, Сұрақ белгі секілді. Белің неден бүгілді? Ұлыңменен қызыңды, Жеткізем деп иілді-ау, Осы әлетке бүгінгі. Өмір қысқа тым қандай, Көзді ашып, жұмғандай... Бүкіш белде тағдырың, Жасырынып тұрғандай. Анаң Күнің көктегі, «Балапаным!» деп сені, Қандай ыстық өпкені, Мейірімін төккені... Әділбек Қаба
Категория: ШЫҒАРМАЛАР
Топырақпын - Адаммын...
14 Тамыз 2020
Бар тіршілік әмәннан, Топырақтан нәр алған. Тіпті... бекзат Адам да, Топырақтан жаралған. Керегі де, қорегі, Топырақтан өнеді. Түптің түбі бәрі де, Жер қойнына енеді. Туады да... өледі, Топыраққа көмеді. Адам адам болғалы, Осылай боп келеді. Кеудесін біреу кереді, байлығына сенеді. Дүние жалған басынан, Көшпейтіндей көреді. Білмейді-ау жалған өтерін, Машхар күні жетерін. Бекзат тәні топырақпен,
Категория: ШЫҒАРМАЛАР